Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы
Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»
атты мақаласына пікіріміз
Біз Абайдың мұрасын кеңінен пайдалана отырып, жас ұрпақтардың жүрегіне өсиеттерін сіңіру керек «Абай әлемі деген құбылыс ретінде бағаланды» делінген. Президент мақаласында Ұлы Абайды қазақтың басты бренді деп танимыз. Әсіресе педагогтардың мәртебесі, бала тәрбиесі, тіл тақырыптарын келешек ұрпақтар үшін Абай салған сара жолмен байланыстырамыз.
Ғұлама ақынның: Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалаң
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігің тапта бар қалаң
деген қағидасы өскелең ұрпақтың қоғамдағы орнын негізге алған. Тіпті: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген өсиет сөзі педагогтардың мәртебесін көрсетеді.
Абайға деген құрмет әр ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің дамуына жол ашамыз. Ұлы Абайдың құрметіне Тараз қаласында мәдениет орталық Абай атындағы драма театр бой көтерген. №26 Абай атындағы қазақ орта мектебі мен Абай көшесінде қаламызға ерекше сән беріп тұр. Мектеп алдындағы Абай мүсіні тарихи –мәдени ескерткіштер қатарына енгізілген. Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептейміз.
Абай атындағы педагогикалық колледж білім ошағына айналды. Абай атындағы кітапхана әдеби –мемориалдық орталық болып табылады.
Тарих пәнінің мұғалімі: Қойшиева К.С.