14
сәуір
2020
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақалалық бағдарламасы "Егемен Қазақстан"газетінде осыдан тура үш жыл бұрын 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланғаны баршамызға мәлім. Аталған бағдарламада Елбасының халыққа Жолдауында, еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты, табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде Қазақстанның үшінші жаңғыруына да табан тірегенін және болашаққа қойған мақсатымыз бен бағытымыз айқын, яғни, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екендігін айқын айтқан болатын. Н.Назарбаевтың кемел бастамасымен іске асыру мақсатында №9 орта мектепте "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 3 жыл аралығында өткізілген тәрбиелік іс-шараларды қорытындылайтын болсақ, көптеген мақсаттарды іске асырғанымызды атап өтуге болады. Атап өтсек, мектепішілік "Тәуелсіз елдің ұланымыз","Өлең сөздің патшасы сөз сарасы","Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" іс-шаралары және т.б. Аталған іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты ұлттық тұрғыда тәрбиелеп, әрбір өсіп келе жатқан баланың бойына рухани байлықты сіңіріп, үлкенге құрметпен қ
арап, Отанға деген сүйіспеншілікті бекемдеп келеміз.