05
қыркүйек
2023
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне арналған "Мемлекеттік тіл - мерейім" атты апталықтың ашылу салтанаты
Бүгін мектебімізде 5 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне арналған "Мемлекеттік тіл - мерейім" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Бұған дейін 22 қыркүйекте аталып өтілетін мерекенің 5 қыркүйекте тойлануының өзіндік себебі бар. Бұл күні қазақ әліпбиінің негізін салушы, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Осыған орай, ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі ретінде мерекелік дата осы күнге ауыстырылды.
Жас ұрпақты мемлекеттік тіл-қазақ тілінің қадыр-қасиетiн түсіне білуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу мақсатында шарада ақын-жазушылардың тіл туралы қанатты сөздерi айтылып, өлеңдері оқылды.