09
ақпан
2022
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Қ.Т.Аханованың ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында "БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН" атты ынтымақ галереясы өтті.
Қазақстан Республикасы кең байтақ оның негізгі халқы қазақтар. Кең байтақ Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Бейбітшілік – бауырластықтың белгісі.Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау және нығайтуға, өз Отанын сүюге, еліміздің саясатын қолдауға, ерлікке, интернационализмге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілік, бауырластық, отансүйгіштік қасиеттерге баулу мақсатында Әдістемелік бірлестік жетекшісі Қ.Т.Аханованың ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында "БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН" атты ынтымақ галереясы өтті.