«Ерікті болу - ерлік» түлектермен кездесу
Қыркүйек айында «Ерікті болу - ерлік» атты үйірме жетекшісі Ф.С.Түймебаева және үйірме мүшелері мектебіміздің 2006 жылғы түлегі қазіргі таңда №9 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, «Адам» «Қайырымдылық – адам жанының нұры!» еріктілердің өкілі Қазақбаева Құралай Калмуратовнамен бірге онлайн кездесу өткіздік. Қашықтықтан кездесуде оқушыларымыз ерікті дегеніміз не, еріктілер қоғамға қандай көмек бере алады – деген сұрақтарға жауап алды. Қ.К.Қазақбаева оқушыларымызды сабақтарын жақсы оқуға және ерікті болуға шақырды.
Қазан айында 10 сыныптың сынып жетекшісі Двуреченская Е.Г. және оқушылар мектебіміздің 2006 жылғы түлегі қазірге уақытта Жамбыл облысы полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің аға детективі Искандаров Кибар Бахтияровичпен қашықтықтан кездесу өткізді.
Қараша айында 11 сыныптың сынып жетекшісі Кулмаганбетова А.А және оқушылар мектебіміздің 2016 жылғы түлегі Матаева Каринамен қашықтықтан кездесу өткізді. Карина қазіргі уақытта Францияда докторантураны жалғастыруда, Карина Густав Руси онкологиялық институтында Париж Суд Университеті арқылы 2 магистратураны аяқтады, біреуі Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бакалавр дәрежесінде, екіншісі АгроПарисТех университетінде. Карина оқушыларымызды сабақта үлгілі болуға және мектепті жақсы бағаға бітіріп, өздері қалаған жоғары оқу орынына түсуге тілектес екенін айтты. Кездесу барысында оқушыларымыз өздеріне керекті көп деген мәліметі алды.