12
декабрь
2024
Турмысова Роза Досмаханбетовна

1985-1990 жылы Жамбыл қаласындағы Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы педагогикалық институтының күндізгі бөлімінде математика және қосымша физика пәнінің мұғалімі мамандығын 1990 жылы тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Пахомов атындағы орталау мектепте бастаған. 1991жылы отбасылық жағдайына байланысты Жуалы ауданы Лермонтов атындағы орта мектепке физика және математика мұғалімі болып ауыстырылған.1995-1998 жылдары сол мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 1998-2002 жылдары С.Байтіков атындағы орта мектепте математика пәні мұғалімі. 2003-2006 жылдары Тараз қаласы «Өркениет» мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарған. 2006-2011 жылдары №1 Тараз кәсіптік лицейінде математика пәнінің оқытушысы, 2011-2019 жылдары осы лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2019-2022 жылдары Тараз қаласы «№59 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 06.10.2022 жылдан бастап Тараз қаласы отдела образования по городу Тараз КММ директоры қызметін атқаруда.