01
сентябрь
2019
1 сентябрь "Білім күні"!
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - "Білім күнімен" құттықтаймын! 1 сентябрь барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды бүгінгі "Білім күнімен" және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге биылғы оқу жылында жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл болмақ. Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! "Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде - кем. Абай, шын мәнінде, қазақтың біртуар перзенті". Олай болса мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндеріміз дәл Абай аавгустдай ақылды, ойшыл, данышпан болсын деп тілейік. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі: "Қазақ жазуын латын графикасына біртіндеп көшіруді бастадық. Бұл - қазақ тілін ғылым мен техниканың тіліне бейімдеп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру үшін жасалған үлкен қадам". Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы "Алғашқы қоңырау" мерекеміз тағы да құтты болсын! Көздеген мұрат-мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегіміз кемел, болашағымыз нұрлы болсын!