Тамақтану сапасын тексеру.
Қазіргі таңда тегін ыстық тамақпен 171 бала және буфеттік өнімдермен 598 бала қамтылып отыр. Мектеп асханасының дайындығы, санитарлық-гигиеналық жағдайы мен ас дайындауға азық-түліктің жеткілікті болуы толық стандартқа сай орындалып жатыр. Дайындалған тағамдар ас мәзіріне сәйкес келеді. Асханада температуралық тәртіп сақталған. Тоңазытқыштар іші таза, қоймадағы өнімдер жақсы сақталған және тағамдардың жарамдылығы дұрыс, асхана қызметкерлері талапқа сай асхана формасында киінген.