Қыркүйек айындағы мектеп асханасындағы оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі
Қыркүйек айындағы мектеп асханасындағы оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі
Қазіргі таңда тегін ыстық тамақпен 350 бала және буфеттік өнімдермен 237 бала қамтылып отыр. Мектеп асханасының дайындығы, санитарлық-гигиеналық жағдайы мен ас дайындауға азық-түліктің жеткілікті болуы толық стандартқа сай орындалып жатыр. Дайындалған тағамдар ас мәзіріне сәйкес келеді. Асханада температуралық тәртіп сақталған. Тоңазытқыштар іші таза, қоймадағы өнімдер жақсы сақталған және тағамдардың жарамдылығы дұрыс, асхана қызметкерлері талапқа сай асхана формасында киінген. Ыдыстар таза жуылған, өз ретімен сөрелерде жинақталған.
64 қаулы бойынша аз қамтылған отбасыдан шыққан 171 оқушы тегін тамақпен қамтылды. Оның 15-і 1 санат бойынша, 2 санат бойынша 123 оқушы, 3 санат бойынша 3 оқушы, 5 санат бойынша 30 оқушы. 1-4 сынып бойынша 59 оқушы. 5-11 сынып бойынша 112 оқушы.
Жергілікті бюджет есебінен жаппай тегін ыстық тамақпен қамтылған 1-4 сынып оқушыларының саны – 182 оқушы. 1 сынып бойынша 49 оқушы, 2 сынып бойынша 44 оқушы, 3 сынып бойынша 42 оқушы, 4 сынып бойынша 44 оқушы.
Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған.
Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Бір реттік ыстық тамақ құны 500 теңгені құрайды. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастырылған.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.