12
маусым
2020
Білім басқармасы ағымдағы жылы елімізде жыл сайын жазғы демалыс қарсаңында 1-12 маусым аралығында өтетін «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен басталғандығын хабарлайды
Науқанды өткізудің негізгі мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-ның бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады