"Жалындай бер, жас маман!" атты байқауы өткізілді.
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында, №9 орта мектебінде 26.01-04.02 күндері "Жалындай бер, жас маман!" атты жас мамандар байқауы өткізілді. Нәтижесінде математика пәннің мұғалімі Әмзе Н.Ә бірінші орын, биология пәннің мұғалімі А.Д.Данагулова екінші орын, көркем еңбек пәннің мұғалімі С.А. Асилбаева үшінші орынды иеленді.