Жас Ұлан ұйымы және Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен 11.03.2022
Халықтың болашағы - ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ұстаздың мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу.Осы мақсатта, Жас Ұлан ұйымы және Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен 11.03.2022 жылы 9 орта мектебінде 5-11сыныптар арасында жиын өтті. Жиында мектеп ауласынан әмиян тауып алып оны егесіне қайтарған біздің адал, елінің патриоты оқушыларымыз, осындай тәрбие берген ата-аналары сонымен қатар, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.