30
қыркүйек
2022
"Ұстаздар күні"


Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін!
Кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!