11
ақпан
2022
Мектепке бекітілген мобильдік топ құрамымен сұхбат
Мектепке бекітілген мобильдік топ құрамы: аға прокурор Ө.Д.Түсіпов, Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Г.Е.Саматилдаева, капитан Б.Т.Зәбір, мектеп директоры С.А.Жанузакова және мектеп психологтары Н.Қ.Әзімова мен А.Есенаманованың қатысуымен 2022 жылдың 11 ақпан күні №9 орта мектепте 9-10 сынып оқушыларымен профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды.