16
желтоқсан
2020
Құрметті , қазақстандықтар! Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Құрметті , қазақстандықтар!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын.
Қашықтықтан жұмыс жасау адамзаттың қарым-қатынасын ешқашан алмастыра алмайтыны бәрімізге белгілі. Талай зобалаңды бастан кешірген, «тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алуды» айтып кеткен бабаларымыздың өсиеті қандай қиын жағдайда да тоқтамаса керек. Ең бастысы әлем арпалысқан індет кезіндегі карантин ережелерін сақтап, үйден шықпасақ, мектеп қабырғасына оралар күн алыс емес.
Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат болатынына сеніміміз мол!
Ата – бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!