«Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің рөлі» атты тақырыпта дөңгелек
Әкелер кеңесінің жұмысын жүзеге асыру мақсатында «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» жобасы бойынша 23.01.2023 жылы «Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 8-9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Әкелер мен балалар арасында жағымды жағдай орнатып, бір–біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым–қатынас қалыптастыру, ер баланың тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру.