7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні 9 орта мектепте Мектеп парламенті, Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен оқушылардың жиынымен басталды. Мектеп директоры С.А.Жанузакова ұстаздарды, оқушыларды құттықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Мектептің спорт министрі Ш.Шаюнусов спорттық жаттығулар жасатты. Ашылу салтанатынан кейін, бастауыш сыныптар арасында көңілді старт ойындары , жоғары сыныптар футбол, волейбол, эстафеталық ойындар өткізілді.