БЯНДАМА » № 9 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№9 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-69-12
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-37-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
маусым
2017

БЯНДАМА


 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
С.А. Жанузакова №9 орта мектеп, Тараз қ.
 
 Өркениеттің казіргі даму сатысының ерекшеліктері мәдениеттің, экономиканың, қоғамдық және жеке өмірдің барлық аймактарындағы жаһандық инновациялармен байланысты. Әлемдік технологиялық өзгерістер, интеллектуалдық интеграцияның дамуы, өндірісте электрондандыруды кеңінен пайдалану XXI ғасырдың жаңа тенденцияларын: ғылыми, жоғары технологиялық, ақпаратқа және коммуникацияға толы, бүгінгі күннің міндеттерін шешуді талап ететін, болашаққа бағдарланған тенденцияларды анықтауға мүмкіндік берді.
XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған ортаға, адам денсаулығына ұқыпты қатынас дәуірі. Адамзаттың жаңа дәуіріне жаңа білім беру жүйелері және оқытудың жаңа модельдері сәйкес келу қажет. Әлемде мемлекеттің экономикалық жетістіктері оның білім беру жүйелерімен, жұмыс күшінің барлық деңгейлерінде даярланған азаматтардың білімділігімен анықталатыны байқалды. Қоғамның біліміділік әлеуеті мықтылықтың перспективті және стратегиялық факторы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуының, халықтың өмір деңгейі мен сапасының артуының кепіліне айналды.
Қазіргі әлемнің басты ерекшелігінін бірі болып жатқан өрдістердін жаңандануы, ол адамнын дүниеге көзқарасына ықпал етеді. Болашақтағы даму адамның мәдениетінің, түсінушілігінің және даналығының деңгейімен анықталады деп саналуда:
Әрбір адамның ғаламшардың болашағына жаңандык жауапкершілігі түсінілуде;
·              ойлаудың тапқырлығы мен икемділігіне объективтік қажеттілік мойындалуда;
·              білім берудің жауапкершілікті ойлау және саяси шешімдер үшін идеялар көзі ретінде рөлі артуда;
·              мамандар даярлығының сапасы отандық өнімнің әлем нарығындағы бәсекеге қабілетгілігіне және ұлт өмір сүру деңгейіне тікелей әсері түсінілуде.
Осыған байланысты білім берудегі дағдарысты жеңу білім берудің жаңа парадигмаларын іздеуден көрінеді. Парадигма философиялық мағынасында - уақытпен өзгеретін және ғылымньш дамуының қандай да бір сатысына тән бастапқы тұжырымдамалық үлгі.
Бұл бағыттағы ғылыми ізденіс білім беру философиясымен жүргізіледі, бұл - адамзаттың өзекті мәселелерін шешуде білім берудің құндылықты-мәнді аспектілерін, білім берудің әлеуметтік рөлін зерттейтін ғылым. Оның басты қызметі прогностикалық қызмет болып табылады. Бұл жағдайларда адамзат интеллектісін жаңа операционалды мүмкіндіктермен қаруландыру туралы ғана емес, онын инновациялық қабілеттері туралы сөз болуда.
Инновациялық білім берудің мақсаты - жаңаны игеріп қана қоймай, сондай жаңаны ойлап шығара алатын жаңашыл-маманды қалыптастыру. Білім берудің жаңа жүйесіндегі орталық орын жаңа білімді өндіру алу қажет (іргелі және қолданбалы ғылыми ізденістер, тәжірибелі өндіріс т.с.с.). Соңғысы әрдайым орын алып отырды, алайда, ақпараттық қоғамға кешу жағдайында жоғары мектептің білім беру өрдісінің міндетті белігіне айналды. Кәсіби білім беру мақсаты - педагогикалык іс-әрекеттің жүйе құраушы қызметі. Мақсатты тандауға оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістері мен түсілдерін тандау тәуелді болады. Педагогикалық мақсаттардың түрлері өте көп. Олардың ішінен білім берудің нормативтік мемлекеттік мақсаттарын, қоғамдық мақсаттарды, оқытушылардың өздерінің бастамашыл мақсаттарын білуге болады.
Нормативтік мемлекеттік мақсаттар - бұл үкімет құжаттарында, мемлекеттік білім беру стандарттарында анықталатын жалпы мақсаттар. Сонымен бірге қоғамдық мақсаттар орын алады. Олар қоғамның түрлі топтарының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын және кәсіби даярлык жөніндегі сұраныстарды бейнелейтін мақсаттар. Мәселен, ерекше мақсаттарға жұмыс берушілердін мақсаттары жатады. Бұл сұраныстарды оқытушьшар ескеріп, мамандандырудың түрлерін, оқытудын түрлі концепцияларын тудырады.
Бастамашыл мақсаттар - бұл оқу орнының түрін, мамандандыру саласы мен оқу пәнін, студенттердің даму деңгейі мен педагогтардың даярлығын ескере отырып, педагог-практиктер мен студенттердің өздері жасайтын тікелей мақсаттар.
Қорытынды мақсаттар жиынтығы - оқу соңында маманнан шешуді қажет ететін міндеттер тізімі, ол маман модельдері (профильдері) деп атқа ие болды. Маман моделі өзінен-өзі психологиялық-педагогикалық модель болып табылмайды. Оның мазмұнының негізіне кандай да бір қызмет атқаратын қызметкерге қойылатын талаптар жүйесінде тіркелетін біліктілік сипаттамалары жатады. Онда берілген қызметтегі тағайындау, қызметкердің кызметінің негізгі сипаты, оның не білу, істей алу керектігі, қандай тұлғалық қасиеттерінің болу керектігі тіз-бекітіліп көрініс табады. Маман моделінен оны даярлау моделіне көшудің бірінші қадамы болашақ кәсіби кызметінің ол шешуі тиіс типтік міндеттері белу және толық бейнелеуді қажет етеді. Типтік міндеттер иерархияны құрайды, ол бір уақытга жоғары білім берудің мақсаттарының иерархиясын құрайды.
Бұл сатылықтың жоғарғысын - нақты мамандықтан немесе өмір сүріп жатқан елінен тәуелсіз барлық мамандар шеше алатын міндеттер құрайды. Олар осы тарихи дэуірдің сипатын анықтайды және ғасырдың міндеттері деп шартты түрде аталуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұған:
Экологиялық міндеттерді (адамдардың өндірістік және басқа әрекетінің табиғатқа кері әсерін азайту және т.б.);
Үздіксіз жоғары білім беруден кейінгі міндеттерді (тиімді іздеу, ақпаратты талдау және сақтау, оларды кәсіби мәселелерді шешуге қосу және т.б.);
Қазіргі қызметтердің көпшілігінің ұжымдық сипатынан шығатын міндеттерді (ұжымнын басқа мүшелерімен байланыс орнату, біріккен іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру, жұмыстардың нәтижелерін болжауда «адами факторды» ескеру және т.б.) жатқызуға болады.
Екінші деңгей - берілген мемлекетке бағгытталған арнайы міндеттер. Біздің елімізде қазір нарықтық қатынастарды дамытуға байланысты міндеттер өзектілікке ие (жобаларды экономикалык негіздеу, сенімді серіктестер мен қаржылық көздерді іздеу, шетел нарығына шығу және т.б.).
Маңыздылығы жағынан тағы бір міндеттер ұлтаралық қарым- қатынас мәселелерімен байланысты ұлттық дәстүрлер мен салттарды ескеру, ұлттық сезімдерге кұрметпен карау, ұлтшылдық пен шовинизмнің кез келген көрінісіне бара бар қарау). Ең соңғысы, қазіргі маман демократия, ашықтық және діни төзімділік жағдайында өндірістік, басқару және экономикалық міндеттерді шеше алу кажет.
Үшінші деңгей – кәсіби міндеттер; ол шешілетін міндеттер көлемі мен түрлері бойынша ең ауқымдысы болып табылады.
Жалпылай түрде бұл міндеттер кез келген мамандық үшін үш түрге бөлінеді:
Зерттеуші міндеттер (білімнің сол немесе басқа саласында зерттеушілік іс-әрекетті жоспарлау және жүргізуді іскерлігін талап етеді);
Практикалық міндеттер (болашақ кәсіби қызметінде нақты нәтиже алуға бағытталады)
Педагогикалық міндеттер (сәйкес пәннен оқу орнында не өндірістік оқыту жағдайында сабақ беру).
Үшінші деңгейдің міндеттерінің әрқайсысын суреттеу үшін арнайы кәсіби білімді талап етеді. Міндеттердің барлық түрлерін талдау және қайталанатын элементтерді алып тастау негізінде маман кызметінің моделі құрылады. Бірақ, егер студенттерді осы модельге бағдарлап даярласа, онда ЖОО бітірер кезде бұл модель ескіріп қалады. Міндеттер сипатының өзгеру тенденциясын анықтау және маман қызметінің болжамды моделін құру бойынша өте күрделі жұмыстарды жүргізу қажетгілігі туындайды. Ол жоғары білікті мамандардың қатысуымен арнайы зерттеулерді талап етеді. Сондықтанда тек болжамды модель негізінде маман даярлаудың моделін өңдеуге батыл кірісуге болады. Соңғысы толық дайын болған кезде оқу жоспарына және жеке пәндердің бағдарламаларына енгізіледі.
Педагогтің кәсібі қызметінің сапасы мәселелерін, кәсібилігін, педагогикалық қабілетгері мен педагогқа қойлатын талаптарды зерттей отырып, белгілі рессейлік ғалым И. В. Кузьмина еңбектің нәтижелігіне әсер ететін педагогикалык қызметкерлердің манызды сипаттамасы қатарына олардың кәсіби құзыреттіліктерін жатқызады.
Педагогиканың құзыреттіліктің негізгі элементтері ретінде ол: оқытылатын пән саласындағы арнайы құзыреттілікті; білім алушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру тәсілдері саласындағы әдістемелік құзыреттілік; оқыту сферасындағы психологиялық-педагогикалык құзыреттілікті; мотивтер, қабілеттер және оқушылардың бағыттары саласындағы дифференциалдық-педагогикалық құзыреттілікті және аутопсихологиялық құзыреттілікті бөліп қарастырады.
Арнайы құзыреттілік біліктіліктен және пәнді, оқытуды жүргізілетін мамандық саласындагы өндірістік қызмет тәжирибесінен: нақты өндіріспен байланысты техникалық, шығармашылық міндеттерді шеше білуден тұрады. Әдістемелік құзыреттілік оқытудың әр алуан әдістерін игеруден, дидактикалық әдістерін білуден және оны оқу өрдісінде қолданаудан, психологиялық механизмдерді ұғынып, оку үрдісінде білім мен дағдыны меңгеруден құралған.
Психологиялы-педагогикалық құзыреттілік педагогикалық диагностиканы игеруден, окушылармен педагогикалық мақсатгы қарым-қатынас құра білуден, педагогикалық диагностика –нәтижелері негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыру: жасерекшелік психологиясын, тұлға аралық және педагогикалық қарым-қатынас психологиясын, оқушьшардың тандаған кәсіптеріне, беретін пәндеріне деген қызығушылықтарын оята білуден құралған.
Дифференциальды-психологиялық құзыреттілік жеке ерекшеліктерді анықтай білуден, окушылардың бағытталуынан, адамдардың эмоциялық жай-күйін анықтаудан, жетекшілермен, әріптестер және оқушылармен сауатты өзара қарым-қатынас орната білуден тұрады. Аугопсихологиялық құзыреттілік өзіндік қызмет деңгейін, өзіндік қабілеттерді тани білуден: кәсіби өзін-өзі жетілдіру тәсілдері жөнінде білуден: өз жұмысындағы, өзіндегі кемшіліктердің себеп-салдарын көре білуден, өзін-өзі жетілдіру ниетінен тұрады.
Кәсіби кұзыреттілік өз кұрылымында: қабілеттер (кәсіби қызметке жалпы және жеке); тұлға сапасы (жеке тұлғалық және кәсіби-педагогикалық); қызметке дайын болу, психофизиологиялық тайындық және білім, білік және дағды (пәндік, психологиялық-педагогикалық, басқарушылық) -секілді тәжірибе компоненттері білім ретінде қарастырылады. Өзін кәсіби маман және тұлға ретінде тану маңызды компонент болып табылады. Кәсіби құзыретгілік маманның біліктілігін көтеру үрдісінің және қалыптастыру категориясы және өзін-өзі дамытуы ретінде көрінеді. Кәсіби құзыреттілік түсіндірмесіне ықпалдардың әртүрлігі, аталмыш ұғым анықтамасының динамикалы және көптармақтылығымен түсіндіріледі. Бұл ұғымның мағынасы қоғамда, білімде, ғылымда болып жатқан өзгерістерге сәйкес әртүрлі көзқарастар шеңберінде қарастырылады.
Болашақ педагогтің кәсіби құзыреттілігі педагогикалық процесс барысында қалыптасады. Педагогикалық процесс барлық оқу орындарында іс-әрекеттің негізгі өзегі болып табылады. Жоғары оқу орындағы педагогикалық процестің құрылымды компоненттері: ішкі өзгерістерге, біліктілікке, тәрбиелікке, құлықтық, интеллектуалды, эмоционалды және болашақ педагогтің өз кәсібилігін көтеру.
Әдебиеттер тізімі:
Исаев  С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. Алматы: «Жазушы» -2010ж.
Қараев         Ж.А. Педагогическая технология обучения. - Алматы - 2000.
ҚР       стратегиялық дамуының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік багдарламасы, 2010 ж. 
4. Балтабаев М.Х. «Педагогическая қультурология»: Учебное пособие-А.: Кабинет КАО им Ашынсарира.2010.
 
Аннотация: В Послании Президента РК Н.А. Назарбаева «Стратегия: Казахстан - 2050» - главная цель государственной политики указывается на необходимость создания возможностей получать современные знания и использовать передовые инновационные технологии. Это обязывает школу в настоящее время готовить конкурентоспособных, компетентных будущих специалистов, соответствующих уровню развития современных технологий. В контексте вышесказанного чрезвычайно актуальной является задача современного вуза с новых позиций рассмотреть проблему подготовки учителя новой формации посредством использования информационных и инновационных технологий.
Annotation: The Message of the President of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev "Strategy: Kazakhstan -2050" - the main goal of public policy identified the need to create opportunities to obtain advanced knowledge and innovative use of advanced technology. It behooves the school is now preparing competitive and competent professionals of the future appropriate to the level of development of modern technologies. In the above context, is extremely urgent task of modern university with the new positions to address the issue of teacher training new formation through the use of information and innovation technologies.

Похожие публикации:

18 мамыр 2022 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Kqqnjx
14 Мамыр 2023 06:24
tadalafil 20mg drug <a href="https://ordergnonline.com/">cheap tadalafil generic</a> herbal ed pills