Бос жұмыс орындары!
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №9 ОРТА МЕКТЕП» КММ
БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №9 орта мектеп» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Көшек батыр 136
Анықтама, байланыс номері: 43-69-12
Электрондық пошта: taraz.kalasy2088@mail.ru
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Оқушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, оқушылардың жеке қабілеттерін анықтауға және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі формаларын, әдістерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Пәнді оқыту бойынша сабақ жоспарын құрастырады. Білім беру үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады. Жүйелі кәсіби дамуды қамтамасыз етеді. оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, олардың отбасылық және тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Арнайы (түзету) оқу орындарында оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, даму ауытқуларын барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік. Кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен байланысады. Оқу тәртібі мен сабаққа қатысу кестесін сақтайды. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қажетті қызмет есептерін дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурс төмендегідей бос жұмыс орындарына жүргізіледі:
1. Физика пәні, тұрақты орын, оқыту тілі - орысша, 8 сағат жүктеме.
2. Математика пәні мұғалімі, тұрақты орын, оқыту тілі -орысша, 16 сағат жүктеме.
3. Математика пәні мұғалімі, уақытша орын, оқыту тілі -орысша, 16 сағат жүктеме.
4. Тарих пәні мұғалімі, тұрақты орын, оқыту тілі -орысша, 16 сағат жүктеме.
5. Информатика мұғалімі, тұрақты орын, оқыту тілі -орысша, 8 сағат жүктеме.
6. Химия пәні мұғалімі, тұрақты орын, оқыту тілі -орысша, 16 сағат жүктеме.
7. Ағылшын тілі мұғалімі, тұрақты орын, оқыту тілі -орысша, 16 сағат жүктеме.
8. АӘжТД пән оқытушысы, тұрақты орын, оқыту тілі – қазақ, орыс, 1 жүктеме.
9. Педагог - психолог, тұрақты орын, оқыту тілі – қазақ, орыс, 1 жүктеме.
10. Музыка жетекшісі, «Айналайын» шағын орталығына тұрақты орын, оқыту тілі – қазақ, орыс, 0,5 жүктеме.
11. Әдіскер, «Айналайын» шағын орталығына тұрақты орын - 0,5 жүктеме.
12. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, тұрақты орын - 16 сағат жүктеме.2. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі болуы міндетті.
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 27 тамыз - 05 қыркүйек аралығында.
4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107, тармағына сәйкес (2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 өзгерістерімен) жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат,Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра, біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагогмодератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагогшебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына
кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. Кандидат болған жағдайда қосымша құжаттар ұсына алады (біліктілігін арттыру, ғылыми –әдістемелік жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным)
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
Конкурстық құжаттар: Тараз қаласы, Кошек батыр №136 мекен-жайында орналасқан №9 орта мектебінің қабылдау бөлімінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі
Құжат қабылдау аяқталғаннан кейін, конкурс жариялаған білім беру ұйымы кандидаттар туралы үш жұмыс күні ішінде сұраныстар жолдайды: Құжаттары қабылданған кандидаттар туралы Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне (Білім бөліміне); Педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке үш жұмыс күні ішінде жолданады (Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне). 1-ші қосымшаның 7-ші өлшемшартында көрсетілген талап бойынша білім беру ұйымы құжат ұсынған кандидаттың соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды (ұсыныс хатқа сұраныс жасайды). Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
10-қосымшада көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурстық комиссия құрамы: Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді.(Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды) Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі
Конкурстық отырыс - Кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау: Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді. Хаттамаланады. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудиобейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады
Конкурстық отырыс - Бағалауды жүргізу: Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады (кандидаттың өзін бағалау парағына комиссия мүшелері нақты балын қояды) Хаттамаланады. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудиобейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады
Конкурс нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет ресурсында, конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.
Қорытынды рәсімдер: Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Конкурс нәтижелері туралы хабарламаны кандидатқа автоматты түрде конкурс комиссиясының хатшысы электрондық поштаға жібереді немесе өтініште көрсетілген телефон арқылы хабарланады. Кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімімен танысады.
Білім бөліміне келісім алуға хат жолдау: Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімімен келісім бойынша білім беру ұйымы жүзеге асырады