28
қазан
2022
29 қазан Қамқоршылар күні

28.10.2022 жылы №9 орта мектебінде 8 – А сыныбында «Жан жылуы» атты әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен іс-шара болып өтті.
Іс-шараның мақсаты:
- Отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;- Ата - ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі - біріне жақсы қарым - қатынастарын орнату; - Баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған қамқоршыларымызға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау, қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету.
Іс-шараның міндеттері:
-Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
-Қайырымдылық қарым-қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;
-Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.